Алматы облысы - демалыс ресурстарына бай Жетісудың қарқынды дамып келе жатқан аймағы.Тарихына, мәдениетіне, табиғат ескерткіштеріне, қайталанбас табиғи ландшафттарға бай. Шарын каньоны, Тамғалы Тастың тасқа салынған суреттері, Шығыс дінінің ескерткіштері, көптеген қорғандар мен қоныстар, реликті тоғайлар мен көркем пейзаждар. Табиғи ландшафттардың әртүрлілігіне байланысты Алматы облысы туристік мүмкіндіктері бойынша Қазақстандағы ең бай аймақтардың бірі болып табылады.